IP ауқымдарының сауалнамасы

Барлығын жаю | Барлығын жию

Басқару сервері ICMP пакеттері немесе NBNS протоколдары арқылы көрсетілген IP ауқымдарына сауалнама жүргізеді және IP ауқымдарына кіретін құрылғылар туралы толық ақпарат алады. Сауалнаманың бұл түрі әдепкі бойынша өшірілген. Егер сіз Windows желісінің сауалнамасын және/немесе Active Directory сауалнамасын қолдансаңыз, сауалнаманың бұл түрін пайдалану ұсынылмайды.

Желіде сауалнама өткізуді бастамас бұрын SMB протоколының қосылғанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе, Kaspersky Security Center бағдарламасы сауалнама өткізілетін желідегі құрылғыларды анықтай алмайды. SMB протоколын қосу үшін операциялық жүйеге арналған нұсқауларды орындаңыз.

IP ауқымдарының сауалнамасы параметрлерін көру және өзгерту

IP ауқымы топтарының сауалнамасы параметрлерін көру және өзгерту үшін:

  1. Құрылғыны табу қалтасындағы консоль шежіресінен IP ауқымдары салынған қалтасын таңдаңыз.

    Сіз Қазір сауалнама өткізу түймесі арқылы Құрылғыны табу қалтасынан Тағайындалмаған құрылғылар қалтасына ауыса аласыз.

  2. Қаласаңыз, сауалнама үшін IP ауқымын қосу үшін IP ауқымдары ішкі қалтасында Қосалқы желіні қосу түймесін, содан соң ОК түймесін басыңыз.
  3. Сауалнама параметрлерін конфигурациялау түймесін басыңыз.

    IP ауқымдары сипаттары терезесі ашылады. Қажет болса, IP ауқымдарының сауалнамасы параметрлерін ауыстыруға болады:

    • IP ауқымы бойынша сауалнама өткізуді қосу
    • Сауалнама кестесін орнату

Желіде сауалнама өткізуді бірден іске қосу қажет болса, Қазір сауалнама өткізу түймесін басыңыз. Бұл түйме, тек IP ауқымы бойынша сауалнама өткізуді қосу параметрі таңдалса ғана қолжетімді болады.

Виртуалды Басқару серверінде IP ауқымдарының сауалнамасы параметрлерін қарау және өзгерту әрекеттері тарату нүктесінің сипаттары терезесінде, Құрылғыны табу бөлімінде жүзеге асырылады. IP ауқымдарының сауалнамасы нәтижесінде табылған клиент құрылғылары виртуалды Сервердің Домендер қалтасында көрсетіледі.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желілік құрылғыларды табу

Басына оралу